Сегодня
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
  • Страница 1 из 1
  • 1
Сайт ережесі
MaXimuSДата: Суббота, 01.12.2012, 19:49 | Сообщение # 1
ADMIN
Группа: Администраторы
Сообщений: 24
Репутация: 32767
Статус: Offline

1. Жалпы ереже:


1.1. Біздің сайт барлық келушілерге ашық. Сайт қызметтерін толық пайдалану үшін тіркелу керек.

1.2. Осы ережені сақтауға келіскен кез-келген адам сайт қолданушысы бола алады.

1.3.Сайтқа,Форумға,Мини-чат қа жазылған сөздерді алдымен тексеріңіз. Мағынасыз болса оны өшіруге Админ.нің қақысы бар.

1.4. Сайттағы тәртіпті Админ.басқарып отырады.. Олар жазуларды түзетуге және өшіруге, қажетсіз тақырыптарды жабуға құқылы.

1.5. Ережені сақтамай дөрекілік жасалған жағдайда сайт админі қолданушыны ешқандай ескертусіз сайттан шеттетуге құқылы. Шеттетілген жағдайда қайта тіркелу мүмкін емес.

1.6. Админ осы ережені алдын ала ескертусіз-ақ өзгеріс енгізуге құқылы.


2. Форумда тыйым салынады:


2.1. Форум тақырыбын бұзуға, бұрып әкетуге.

2.2. Балағат сөздерді қолдануға, сөйлесуші жақтың ұлттық немесе діни болмысын кемсітуге және оған қарсы дөрекі сөздер жазуға. (Ескерту беріледі)

2.3. Әкімшіліктің рұқсатынсыз жарнама орнатуға. Жарнамалау мақсатымен сайттарға жасалған сілтемелер де осыған жатады. (Ескерту беріледі)

2.4. Тақырыпқа сай емес мағынасыз (флуд, оффтоп) жазулар жазуға. (Жеке хат арқылы жазбаша ескерту беріледі. Тағы қайталанса ескерту беріледі)

2.5. Админ мен модерлер әрекеті талқыланбайды жәңе жазаланбайды.

2.6. Форумда пікір тек жалғыз ғана смайлдан тұратын болса. (Ескерту беріледі)

2.7. Форумда бірнеше аккаунтпен тіркеліп жазуға қатаң түрде тиым салынады. Бұл жағдай орын алғанда қолданушының бас аккаунтына ескерту беріліп, екінші аккаунты өшіріледі.

10 рет ескерту алған жағдайда қолданушы сайтқа кіру құқығынан уақытша шеттетіледі.



3. Форумдағы Алғыс пен Шағым функциясы:



3.1. Басқа қолданушыларға өзіне алғыс айтқызу, (мен саған, сен маған алғыс қояйык) деуге тиым салынады. (Осы жағдай байқалса екі қолданушының да барлық жинаған алғыстары "0" ден басталады)

3.2. Себепсіз шағым жазуға тиым салынады.


4. Сайттағы пікірлер:

4.1. Балағат сөздерді қолдануға, сөйлесуші жақтың ұлттық немесе діни болмысын кемсітуге және

оған қарсы дөрекі сөздер жазуға қатаң түрде тиым салынады

4.2. Пікір жазғанда күлегештер саны 3-тен аспауы керек.


Егер осы талаптар сізді қанағаттандырмаса, сайтқа кіруіңізді тоқтатуыңыз керек !
 
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск: